Динара Қырықбаева кішкентай қызын әлдебіреу шапалақпен ұрғанын, қатты ашу шақырып, оған қалайша араша түскенін айтты.
«Кеше менің қызымды біреу шапалақпен ұрды. Мен ол үшін өмір сүріп бере алмаймын. Бірақ мен оған тіреу бола аламын. Сонда ол өзінің бағасын білетін болады», – деді.
Әнші қатты ызыға булыққанын жасыра алмады. Сөзіне қарағанда, ол есін жинап, оны ұрған баланың анасына қоңырау соққан.
«Айғайға баспадым. Жұрттың көзінше жаға жыртыспадық. Болған жайтты ғана айттым», – дейді Динара Қырықбаева.
Баланың анасы әкесіне айтып, онымен жақсылап сөйлесуге уәде берген. Әкесі де кешірім сұрауға келмек. Әнші қызын ұрған...