Қазір Қазақстанның ШЫҰ елдерімен халықаралық төлемдерінде ұлттық валюталардың үлесі 70%-ға жуық.. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Душанбеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Оның айтуынша, Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуға және өңірлік жасанды интеллект хабын қалыптастыруға басымдық беріп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар Digital Qazaqstan стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатыр.
«Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру аясында біз озық цифрлық экономика мен өңірлік жасанды интеллект хабын құру ісін қолға алдық. Тек соңғы 5 жылда біздің IT-қызметтер экспорты 34 есе өсіп, 1,1 млрд долларға жетті», – деді Бектенов.
Премьер-министр...