Экология министрлігі ескі көліктерді қайта өңдеуге тапсырған кезде берілетін сертификаттарды рәсімдеу тәртібіне өзгерістер енгізді. Бұл туралы Kursiv.media Kolesa.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда қазақстандықтар әзірге бұл сертификаттарды пайдалана алмайды, өйткені утиль алым бағдарламасы әлі іске қосылған жоқ.
Сертификаттар қалай беріледі
Жаңа ережеге сәйкес, қазақстандық автокөлік өндірушілері айына екі рет «Жасыл даму» АҚ-на отандық құрастырылған автокөліктерді сатып алушыларға берілген жеңілдіктердің өтемақысын алу үшін өтініш береді.
Бұрынғыдай, жеңілдік сертификат түрінде рәсімделеді. Оны иесі ескі көлігін қайта өңдеуге тапсырғаннан кейін алады.
Сертификатты бір жыл ішінде пайдалануға болады. Оны басқа адамға үш реттен артық беруге болмайды, ал бір автокөлікті сатып алу...