Алматы-Лондон рейсінде әйел адам кенеттен ауырып қалды. Акушер-гинеколог Салтанат Исағалиева оны 10 мың метр биіктікте аман алып қалды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, оқиға 2024 жылдың 30 мамырында болған.
10 мың метр биіктікте
Алматы-Лондон бағытындағы рейс кезінде бір жолаушы әйел кенеттен өзін жайсыз сезінген. Артынша, жағдайы күрт нашарлады. Бақытына орай, дер кезінде жедел медициналық көмекке Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының акушер-гинекологы, жоғары санатты дәрігер Салтанат Исағалиева келген.
Қысылтаяң сәт
Әрине, бортта қажетті медициналық құралдар шектеулі. Бұған қарамастан Салтанат Қайратқызы жедел көмек көрсетті. Науқасты қарап шығып, жағдайын бақылады. Жарты сағат ішінде әйелдің жағдайы жақсара бастады.