Ресейдің мұнайдан түсетін табысы төмендеуі мүмкін. Еуроодақ Ресейдің энергетика және банк секторына санкция салуды көздеп отыр. Бұл туралы Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен айтты.
Ресейге қысым күшейеді
Урсула фон дер Ляйен Еуропаның Ресейге қысымды күшейтетінін, соғысты тоқтату үшін барынша күш салатынын мәлімдеді.
«Біз Украина үшін бейбітшілікті қалаймыз. Ресейдің мақсаты – бейбітшілік емес, билікке күш қолдану. Сондықтан да Ресейге қысымды күшейтеміз. Өйткені бұл – Ресей түсінетін жалғыз тіл», – деді ол.
Сонымен бірге Еурокомиссия төрайымы Ресей экономикасы Еуроодақ салған санкциялардан қатты зардап шеккенін, мұнай мен газдан түсетін табысы соғысқа...