Ли Куан Ю-Сингапурдың бірінші премьер-министрі. 31 жыл бойы билік тізгінін ұстап, экономикалық өркендеудің ғажайып үлгісін жасаған, Маргарет Тэтчердің айтуынша, ешқашан қателеспеген адам. Ли Куан Ю-нің жазбаларынан пікірін сараптаған Qalam global арнайы жобалар редакциясының директор орынбасары Максим Семеляктың зерттеуіне кезек берейік
Иерархия туралы
«Ешбір адам өзінен жоғары тұрған адамды дұрыс бағалай алмайды. Сондықтан біз өзімізден кім төмен екенін ешқашан сұрамаймыз. Тым сирек, дәрежесі төмен адам жоғары дәреже туралы: «ол менен жақсы» деп айта алады. Егер жоғарыда әлсіз адамдар болса, онда бүкіл жүйе баяу құлдырайды. Бұл сөзсіз».
Конфуцийшілдік туралы
«Мен конфуцийшілдікте тәрбиеленген адам емеспін. Конфуцийшілдікті қарапайым деңгейде қабылдадым. Мен үлкендерді құрметтеуім...