Қор биржасындағы бүгінгі сауда-саттықта теңге доллар мен рубльге қатысты қайта нығайды. Жалпы, осы апта ұлттық валюта долларға қатысты 1,7%-ға қымбаттаған.
Сарапшылар оған алдағы салық кезеңі ықпал етті деп тұжырымдайды. Ұлттық банктің мәліметінше, апта басындағы доллар бағамы 451,24 теңге болған. Бүгінгі сауда қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 447,08 теңге болды.
Дегенмен қаржы нарығының өкілдері ұлттық валютаның долларға қатысты нығаю циклі аяқталып қалғанын айтады. Бұл цикл 2023 жылдың қарашасынан 2024-тің қаңтарына дейін 3 айға созылған еді.
Ал Freedom сарапшылары доллар жаңа өсу үрдісін бастады деп тұжырымдайды. Дегенмен көп нәрсе ұлттық валютаның 1 долларға 455 теңгеге дейін...