Freedom SuperApp шетелге шығатын саяхатшыларға арналған интернет-роумингті сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа сервисті іске қосты. Сервис eSIM арқылы мобильді интернетке қосылуға жол ашады. Бұл Freedom Bank пен сингапурлық Boxo технологиялық компаниясы арасындағы серіктестік негізінде іске асқан.
Сервистің негізгі мүмкіндіктері
Жаңа шешім eSIM-ді тікелей банк қосымшасында бірнеше клик көмегімен рәсімдеуге мүмкіндік береді. Қызмет түрі әлемнің 200-ден астам елін, соның ішінде Еуропа, АҚШ, Түркия, БАӘ және Таиланд сияқты танымал бағыттарды қамтиды.
Тарифтердің құны мен шарттары
Базалық интернет-пакеттердің бағасы 1 900 теңгеден басталады. Сатып алу кезінде 7%-ға дейін кешбэк есептеледі. Айталық, Таиландтағы 7 күндік шектеусіз интернет құны – 3 800 теңге, Египетте – 6 700 теңге. Түркия...