Енді инстаграмда 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларға арналған жаңа «Жасөспірімдерге арналған аккаунттар» пайда болады. Бұл жайлы цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Meta компаниясының вице-президенті доктор Саймон Милнермен кездесуінде айтылды.
Бұл функция аясында ата-аналар баласының аккаунтына қарай алатын адамдарға шектеу қоя алады. Сондай-ақ:
жасөспірім көретін аккаунтқа сүзгі орната алады пікірлер мен хабарламаларда қорлайтын сөздерді автоматты түрде бұғаттау жүзеге асырылады жарияланымдарды бейтаныс қолданушылардан жасыруға, түнгі уақытта хабарламалар туралы ескертулерді өшіруге болады пайдалану уақытын шектей алады.Министрлік дерегінше, бұл функция халықаралық зерттеулер мен ата-аналардың сараптамалық ұсыныстары негізінде әзірленген. Жақын арада Қазақстандағы қолданушылар да пайдалана алады.
Одан бөлек Мәдиев пен Meta өкілдерімен кездесуінде жасанды...