Шетел валютасын айырбастағанда, кейде ақша айырбастау пункттері ақшаңызды қабылдамай қоюы мүмкін. Мұндай жағдайлар жиі орын алатындықтан, Қазақстан Ұлттық Банкі шетел валютасымен айырбастауға жарамсыз болатын банкноталардың нақты тізімін бекіткен.
Қандай валюталар айырбастауға жарамсыз?
Егер шетелдік қағаз ақшада төмендегі тізімде жазылған ақау болса, ол айырбастауға жарамсыз:
Жыртылған немесе желімделген. Ақша бөлшектеліп жыртылған болса немесе скотчпен жапсырылған болса оны банк те айырбастау пункттері де қабылдамайды. Отқа күйген, шеттері қарайған немесе түсі өзгерген банкноталар. Егер бір жеріне төгілген бояу көлемі 1 шаршы сантиметрден асса, оны да айырбастай алмайсыз,. Қағазы қатты тозған, кірлеген, ультракүлгінде (UV) жарқыраған ақшаны да алмайды, Бөгде жазу немесе...