Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі Рантик Бахтияр Оглына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Оған заңсыз онлайн-казино түрінде ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдік келтіріліп отыр.
Мыңнан астам құмар ойыны
Платформаның жұмысы үшін мыңнан астам құмар ойын түріне қолжетімділік беретін «bingo37.pro» сервисі пайдаланылған. Олардың қатарында «Crazy Monkey», «Keno», «Euro Game» және басқа да танымал ойындар бар.
Ойыншыларды тарту Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы жүзеге асырылған. Онда жарнамалар, фото және бейнематериалдар, акциялар мен бонустық бағдарламаларға қатысу туралы ұсыныстар таратылған.
«Пайдаланушыларда оңай әрі жылдам ұтысқа ие болу мүмкіндігі бар деген түсінік қалыптастырылған. Ақша аударылғаннан кейін ойыншыларға ойын платформасына...