Мемлекет «Отбасы банк» салымшыларына заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жыл сайынғы сыйлықақыны төлеуді жалғастырады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді.
Вице-министрдің сөзінше, сыйлықақыны есептеу тәртібіне қатысты ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ.
«Мемлекет өз мойнына алған барлық міндеттемелерін орындайды. Наурыз айында сыйлықақыны есептеу тәртібі өзгермейді. Заңға сәйкес, мемлекеттік сыйлықақы бюджет қаражаты есебінен төленеді. 20 пайыз көлеміндегі сыйлықақы 1 наурызда есептеледі», – деді Темірбеков Сенат кулуарында.
Сондай-ақ вице-министр мемлекетке тиесілі дивидендтердің де мемлекеттік қаражат санатына жататынын, сондықтан олар банктің меншікті қаражаты болып есептелмейтінін атап өтті.
Мемлекеттік сыйақы
2025 жылы үшін мемлекеттік сыйақының ең жоғары мөлшері – 157 280 теңге болды. Бұл...