Ресей Федерациясының спорт министрі Михаил Дегтярев спорттық азаматтығын ауыстырып, басқа елдің намысын қорғап жүрген спортшыларға қатысты шаралар қатаңдауы мүмкін екенін мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, болашақта мұндай спортшыларға Ресей аумағына кіруге шектеу қойылып, елдегі спорттық инфрақұрылымды пайдалануға да тыйым салынуы ықтимал.
«Центральный канал» бағдарламасының эфирінде сөйлеген Дегтярев мемлекет спортшыларды даярлауға үлкен қаржы мен ресурстар жұмсайтынын атап өтті. Сондықтан спортшы кейін Ресей атынан бас тартып, басқа ел намысын қорғауды таңдаса, оның салдары да қатаң болуы тиіс деген пікір білдірді.
«Біз оларды тәрбиелейміз, жағдай жасаймыз, ал кейін спортшы азаматтығын ауыстырып кетеді. Мұндай жағдайда спорт нысандарына қолжетімділіктен бастап, елге...