Қазан айы түрлі мәдени-сауықтық іс-шараға толы. Өнер адамдары бұл айдың әр күнін өз бағдарламасымен толтырып қойған. Тіпті алдағы аптада бос күн жоқтың қасы. Бұл, әрине, өнерді сүйетін, кештерді ерекше өткізгенді жақсы көретіндер үшін жағымды жаңалық. Бұл жолы да, әдеттегіше, аптада болатын ең қызық іс-шаралардың тізімін әзірледік. Қалағаныңызға билет алып, барып қайтыңыз.
«Ғашықпын». Алтыншаш Мұқатаеваның мотивациялық шығармашылық кеші
26 қазан, Астана қаласы
Алдағы аптада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солисі, тұңғыш президент қорының грант иегері, мәдениет саласының үздігі, тағдырымен талай тыңдарманға шабыт сыйлаған қайсар әнші Алтыншаш Мұқатаеваның «Ғашықпын» атты мотивациялық шығармашылық кеші өтеді. «Ғашықпын» деген атау алған...