Қазақстанның алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш қызы Дариға Назарбаева шетелдегі қымбат жылжымайтын мүліктерін сатып жатқанымен, Мәскеуде аспирант күнінде тұрған – Назарбаевтар отбасының ең алғашқы шетелдегі активі – «арзан» пәтерін бұлдауды жөн санамапты. Өйткені бұл үй Дариға үшін жастық шағы өткен ыстық пәтер болуы мүмкін. Бұл туралы «Выход к морю» телеграм арнасы жазды.
Әрине, Назарбаевтардың шетелдегі жылжымайтын мүліктері аз емес. Әкесі билік басында тұрған кезде Дариға әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі пәтерлер мен хан сарайындай үйлерді сатып салуға жүздеген миллион доллар жұмсаған. Оның біразын сатып үлгерсе, біразы әлі иелігінде.
Дариға Назарбаеваның Мәскеуде алғашқы үйі басқа жылжымайтын мүліктерімен салыстарғанда ең арзаны. Әрі бұл...