Алматы қаласында электр энергиясы үшін тарифтер қымбаттайды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Әсел Буденева мәлімдеді.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, «Алатау Жарық Компаниясы» (АЖК) 30,5 млрд теңге көлемінде өз қаражаты есебінен желілерді жаңғырту жұмыстарын жүргізіп отыр. Оның ішінде 1,8 млрд теңге қосымша инвестициялар. Бұл шаралар электр желілерінің тозуын 2,45%-ға төмендетеді деп күтіліп отыр. Сонымен қатар атқарылып жатқан іс-шаралар нормативтік-техникалық шығындарды және апатты жағдайлардың санын азайтуға мүмкіндік береді.
Тарифтің орташа өсуі 3,7%-ды құрайды. 2024 жылғы 15 қазаннан бастап электр энергиясын жеткізудің орташа өлшенген шекті бағасы ҚҚС-сыз 29,04 теңгені құрайды, Оның ішінде:
халық үшін...