Милтон дауылы Флориданың батыс жағалауындағы құрлыққа жетті. Желдің максималды жылдамдығы сағатына 165 шақырымды құрады деп хабарлайды АҚШ Ұлттық дауылды бақылау орталығы.
АҚШ Ұлттық урагандарды зерттеу орталығының мәліметі бойынша, Гринвич уақытымен түнгі екіде «Милтон» құрлыққа шыққаннан кейін әлсіреп, екінші деңгейге дейін төмендеді. Екінші категориялы ураганның тұрақты жел жылдамдығы 154-тен 177 км/сағ аралығында болады.
CNN-нің хабарлауынша, АҚШ-тың Федералды төтенше жағдайлар агенттігінің басшысы Диэнн Крисвелл Флорида тұрғындарын баспаналарынан шығып кетпеуге шақырды және «Милтон» әлі де өмірге қауіп төндіретінін ескертті.
Екі миллионға жуық тұрғын электр қуатынсыз қалды
«Милтон» Флоридаға үлкен соққы бермей тұрып-ақ, оның перифериясындағы дауылды желдер, торнадо және нөсер жаңбырлар штатты...