Жүрілген автокөліктердің бұрынғы иелеріне қатысты толық мәліметті енді eGov порталынан табуға болады
Жүрілген автокөліктердің бұрынғы иелеріне қатысты толық мәліметті енді eGov порталынан табуға болады. Ол үшін тек қана мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжат қажет. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы хабарлады.
«Сервисті енгізу көлікті сатып алған кезде қосымша ақпаратпен танысуға көмектеседі және сәйкессіздіктер туындаған жағдайда бірқатар проблемалардан сақтайды. Тексеру үшін сатушыдан көліктің мемлекеттік нөмірін және техникалық паспорт нөмірін білу қажет», – делінген хабарламада.
«Автокөлік тарихы» қызметі:
көлік маркасы, шығарылған жылы, қозғалтқыш көлемі, кузов түсі, қосымша орнатылған жабдықтардың бар-жоғы; көліктің Қазақстанда алғашқы тіркелген күні; алдыңғы иелерінің саны және қайта тіркеу күндері; кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғы сияқты мәліметтерд...