Елімізде АЭС салу бойынша референдумда дауыс беру тоқтатылды. Кешкі сағат 20.00-де референдум учаскелері жұмысын аяқтады.
Енді референдум учаскелерінде бюллетеньдерді санау басталды. Алдағы сағаттарда орталық референдум комиссиясы алдын ала қорытындыларды шығарады.
Орталық референдум комиссиясының сағат 18.00-дегі мәліметі бойынша, дауыс беруге құқылы электораттың 7,5 миллионнан астамы таңдау жасаған.
Айта кетейік, бүгін, 6 қазанда, Қазақстанда жалпыұлттық референдум өтуде. Елде 84 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталды. Референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады:
— Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?
Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:
— «Иә, келісемін» немесе «Жоқ, келіспеймін».
9 елде референдум учаскелері жұмысын аяқтады
Сыртқы істер министрін...