Елде тұрғын үй нарығына сұраныс күрт өскені байқалады. Бұл жағдайға құрылыс компанияларының әсері болуы мүмкін. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев осылай деп мәлімдеді.
Үкімет кулуарында журналистер сарапшылардың баға өсімі туралы болжамын айтып, жыл соңына дейін баспана алған дұрыс па деп сұрады. Ерсайын Нығаспаевтың айтуынша, министрлік жекеменшік құрылыс компанияларына ықпал ете алмайды және нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатын бағаны реттемейді.
«Бағаны болжау – менің тарапымнан орынсыз болар еді. Қазіргі нарықтағы көріп отырғаным, белгілі бір деңгейдегі дүрлігу. Мұны, мүмкін, құрылыс компаниялары әдейі жасап отыр. Олар пәтерлерін тезірек сату үшін нарықта дүрлікпе сұраныс қалыптастыруы ықтимал...