Қазақстанға қарсы сәтсіз ойын көрсеткен «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд әлемдегі ең қымбат футболшы атанды. Бұл туралы Transfermarkt хабарлады.
Transfermarkt мәліметінше, Англия премьер-лигасындағы жаңартулар аясында норвегиялық футболшының нарықтық құны 20 миллион еуроға өсіп, 200 миллион еуроны құрады. Осылайша, Холанд мадридтік «Реалдың» үштігінен – Джуд Беллингем, Винисиус Жуниор және Килиан Мбаппеден алға шықты, олардың әрқайсысының құны 180 миллион еуроға бағаланып отыр.
Футболшылардың нарықтық құн тарихында 200 миллион бағадан тек француз ойыншысы Мбаппе (2018 жылы) асқан еді.
2018 жылы Мбаппе «ПСЖ» сапында бұл бағаға жеткеннен кейін, араға алты жыл салып Эрлинг Холанд 200 миллион еуроға бағаланған екінші футболшы...