Қазақстанда қазан айында ауа райы құбылып, елдің бірқатар өңіріне қыс келіп, өзге өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, күн бұзыла бастайды. Қазгидромет осы айға ауа райы болжамын жария етті.
Метеорологтардың ақпаратына сүйенсек, айдың бірінші онкүндігінде елдің көп бөлігінде атмосфералық фронттар ауысқандықтан жаңбыр жауып, 15-25 м/с дейін жел күшейеді. Солтүстік-шығыста, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта қар аралас жаңбыр жауады. Кей күндері антициклонның әсерінен жауын-шашын тоқтауы мүмкін.
Айдың алғашқы он күнінде ауа температурасы біршама төмендейді:
Батыста түнде +3+12°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +18+27°С-тан +13+22°С-қа дейін; Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста түнде 0,+8°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +5+13°С-қа дейін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте түнде +10+18°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +23+28°С-тан +20+25°С-қа дейін; Оңтүстік-шығыста түнде +5+13°С-тан +10+15°С-қа дейін...