Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде теңіз жағасында серуендеп жүрген видеосын жариялап, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.
Видеода Гүлзира Айдарбекова «Атамыздан қаламыз ба» -деп теңіз жағасында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрісін қайталады.
Ал пікір жазғандар арасында:
«Атамыздың жасын, жолын берсін, осылай қыдыру бәрімізге нәсіп етсін», «Қыздар, қазір алдарыңыздан Назарбаев шығады», «Қайроштың анасы Гүл екен, жүрген жері Нұр аға кешкен су екен» деген секілді әзіл-шыны аралас пікірлер де көптеп жазылды.
Желіде тараған видео көпшілік арасында қызу талқыланып, қолданушылар түрлі әзіл пікірлерін жаудырып жатыр.