«Талдықорған – Үшарал» магистралдық газ желісінің құрылысына Ұлттық қордан 132 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Бұл жайлы премьер-министр Олжас Бектеновтің депутаттардың Жетісу облысын қаржыландыруға қатысты сауалына берген жауабында айтылған.
«Ұлттық қор есебінен жалпы құны 131,7 млрд теңгені құрайтын 124 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекенін табиғи газбен қамтитын «Талдықорған – Үшарал» магистралдық газ желісінің құрылысы басталды»,- делінген жауапта.
Одан бөлек 2024 жылы Жетісу облысының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларға бюджеттен 75 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде әлеуметтік саланы дамытуға арналған 24 жобаға 20,2 млрд теңге, инженерлік инфрақұрылым саласына қатысты...