АҚШ Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) негізгі мөлшерлемені төмендетуі Bitcoin (BTC) криптовалютасының қымбаттауына ықпал етті. Соңғы тәулікте биткоин бағасы 2,39%-ға өсіп, кейінгі үш аптадағы ең жоғары деңгейіне жеткен.
Bloomberg басылымының жазуынша, биткоинның бағасы 1,23 триллион доллар капиталдандырумен 62,5 мың долларды құрайды.
Биткоин бағасының шарықтауына ФРЖ мөлшерлемесін 50 базистік пунктіге төмендетуі себеп болған. Агенттік мөлшерлемені жылдық 4,75-5% аралығында ұстау туралы шешім шығарған.
ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл экономикаға қатысты алаң көңіл басылып, инфляцияның жоғарылауы мен салқындаған еңбек нарығы арасындағы тәуекелдер теңдескенін атап өтті.
Сарапшылар ФРЖ базалық мөлшерлемені кейінгі 4,5 жылда алғаш рет төмендеткенін жазады. Реттеуші 2022 жылдың наурызынан бер...