Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов мектептердегі дайындық деңгейінің төмендігі салдарынан ата-аналар репетитор жалдауға мәжбүр екенін айтты. Бұл туралы ол премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.
Депутат келтірген дерекке қарасақ, 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ға қатысқан 210 мың түлектің тек 76 пайызы ғана шекті балл жинай алған. Орташа көрсеткіш – 69 балл. Ал әр төртінші түлек ең төменгі межеден аса алмаған.
«Бұл көрсеткіштер түлектерді даярлауда, жалпы мектептердегі білім сапасында терең мәселелер бар екенін көрсетеді», – деді ол.
«Ақылы орталық іздеуге мәжбүр»
Депутат бұл жағдай ата-ананы амалсыздан репетитор жалдап, ақылы орталықтар іздеуге итермелейтінін айтады. Ол мұны білімге те...