Qazaq Air-ді сату және елдегі 2 әуежайды вьетнамдық Sovico тобының сенімді басқаруына беру мәмілесі Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген компаниялар арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Себебі 2 тамызда Sovico Group-тың еншілес ұйымы – Aviation Holding компаниясы Central Asia Holdings Limited компаниясын құрған. АХҚО тізімінде компания жетекшісі – Фам Гок Сау деп көрсетілген. Акционері – Aviation Holdings Company Limited.
Ал 13 қыркүйекте Central Asia Holdings Limited компаниясы Central Asia Airport Holdings Limited компаниясын тіркейді. Компанияның қызмет бағыты авиациялық инфрақұрылымға инвестиция салып, әуежайды басқару және пайдалану қызметтерін көрсету және аэронавигациялық және аэронавигациялық емес қызметтер мен әуежайдың инженерлік құрылысы деп көрсетілген...