Мәжіліс депутат Магеррам Магеррамов ауыр қылмыс жасаған жасөспірімдерді 12 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Ол әскердегі бассыздық мектептегі буллингтен басталатынын айтады.
«Қазақстан Халық партиясының» парламенттік фракциясы әскеріміздегі өлім-жітімге, дені сау, мықты жігіттердің қаза табуына және мүгедек болып қалуына себеп болатын жағдайлардың мектептегі буллингтен, зорлық-зомбылық пен бандитизмді, қылмыстық өмір салтын романтизациялаудан туындайды деп санайды. Деструктивті мектеп жағдайында тәрбиеленген балалар әскер қатарына келген соң, өздерінің қылмыстық әрекеттерін жалғастырады», – дейді депутат.
Магеррамов жасөспірімдердің криминогендік мінез-құлқының қалыптасуына моральдық, құқықтық және басқа да әлеуметтік қорғау нысандарының біртұтас тәрбиелеу жүйесінің болмауы ықпал ететінін айтады. Депутат бұл...