Тамыз айында Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы 0,3%-ға қымбаттаған. Ал бір жылда баға 2,7% өскен. Ел бойынша жаңа үйдегі 1 шаршы метрдің орташа құны – 490 мың теңге. Ұлттық статистика бюросының мәлметінше, тұрғын үй нарығында баға тұрақталып келеді.
Қазақстанда қайталама нарықта 1 шаршы метрдің бағасы жаңа үйлермен салыстырғанда қымбат: 510 мың теңге. Бір айда баға 0,2%-ға арзандағанымен, 2023 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 5,9%-ға өскен. Жаңа үйлердің бағасы сәл арзан болғанымен, қазір жаңа құрылыстардың басым бөлігі қара сылақпен сатылады. Сатып алушылар жөндеу жұмыстарын жүргізуі керек.
Пәтер жалдау бір айда 1,4%, ал былтырғы тамызбен салыстырғанда 4,2% өсіп, 1 шаршы...