Қазақстандағы ең ірі 3 алтын өндіруші компанияның қатарына кіретін «Алтыналмас» АҚ акционерлеріне 2023 жылдың І тоқсаны үшін 52,9 млрд теңге дивиденд төлемек. Акционерлік қоғам Қарағанды, Ақмола, Жамбыл және Абай облысындағы кен орындарында алтын өндіретін еншілес компаниялардың басын біріктіреді.
Дивиденд төлеу 2 қыркүйектен басталған. Компания Қазақстан қор биржасына осы 53 млрд теңгенің 38,5 млрд теңгесі акция иеленушілерге төлегенгенін хабарлады. 1 қарапайым акцияға келетін дивиденд көлемі – 5501,60 теңге.
Компанияның 2023 жылғы шоғырландырылған қаржы есебіне сүйенсек, акционерлік қоғам былтыр 79,6 жалпы табыс тапқан. Бұл 2022 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 42,2 пайызға кем. Алдыңғы жылы компаниялар тобы 113,2 млрд теңге таза табыс...