Google «Health Acoustic Representations» (HeAR) деп аталатын биоакустикалық негіздегі жасанды интеллект моделін таныстырды.
Бұл модель адамдар ағзасындағы тыныс алу, жөтел сияқты дыбысты тыңдау арқылы ауру белгілерін ерте кезеңде анықтай алады. HeAR моделі 300 миллион аудио деректерінің негізінде дайындалды, ал жөтелге арналған модель шамамен 100 миллион жөтел дыбыстары арқылы оқытылды.
Зерттеушілердің айтуынша адам ағзасының жөтел, сөйлеу және тыныс алу дыбыстарында денсаулық туралы барлық ақпаратты алуға болады. Осы биоакустикалық дыбыстардағы нәзік белгілер туберкулез (ТБ) немесе созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА) сияқты ауруларды анықтаудың, бақылаудың және емдеудің жаңа жолдарын ашуы мүмкін.
HeAR моделі денсаулыққа қатысты дыбыстардағы маңызды үлгілерді тануға үйретілген, бұл...