Үкімет интернет-дүкен маркетплейс арқылы жасалатын электронды сауданың дамуына мүдделі. Өйткені бұл – өте қолайлы қызмет түрі. Сондықтан маркетплейстерге салынатын салықтың көлемі артпайды. Керісінше, жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс отырысынан кейінгі брифингте Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.
Салық кодексі кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосуы тиіс. Министр маркетплейстер арқылы сауда жасайтын кәсіпкерлердің адалдығына шүбә келтірмеді.
Электронды сауда талапқа сай келмейтін нарықты қысқартады
«Маркетлейстер үшін салық 15%-ға артпақ. Бұл маркетплейстерден тапсырыс беру тиімді болмағанын көздейтін базарлардың лоббиі емес пе?» деген журналистердің сауалына министр былайша жауап берді:
«Сауда және интеграция министрлігі электронды сауданы дамытуға басымдық беріп отырғанын...