Соңғы бес жылда Қазақстанда ажырасатындар саны азайған. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов айтты.
Министрлік өкілінің айтуынша, 2021 жылы Қазақстанда 5 578 947 отбасы тіркелген. Бұл 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай көп. Ол жылғы санақ деректерінде республикадағы отбасылар саны 4 022 388 болған. Осылайша, 10 жыл ішінде бір жарым миллионнан астам отбасы пайда болған.
«Елімізде ажырасу санының төмендеуі байқалады. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 48,6%-ға төмендеді. Біз сауалнама жүргіздік. Сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 95,4%-ы отбасындағы қарым-қатынастарға қанағаттанған. Қазақстандық отбасылардың басты 3 құндылығы: бір-біріне қамқорлық жасау, өзара сыйласты...