Табыстың жеткіліксіздігінен банктер көп жағдайда ипотека беруден бас тартып жатады.
Банк бірінші кезекте қарыз алушының төлем қабілеттілігіне мән береді. Егер ай сайынғы төлем табысқа шаққанда тым жоғары болып шықса, өтінім қабылданбайды. Krisha.kz мамандары жалақысы айтарлықтай жоғары болмаса да, ипотеканы мақұлдау мүмкіндігін арттыратын 5 тиімді тәсілді көрсетті.
Ипотека алу үшін қанша табыс керек
Банктер ипотека ресімдеу үшін нақты табыс шегін белгілемейді. Алайда қарыз алушы алатын несие сомасы табыс көлеміне тікелей байланысты. Толық жалақыны ипотекаға жұмсауға болмайды. Несие өтінімін қарау кезінде банк борыштық жүктеме коэффициентін (БЖК) есептейді, яғни табыстың қанша бөлігі міндетті төлемдерге жұмсалатынын бағалайды.
Рұқсат етілген шекті деңгей...