Оңтүстік Корея Telegram жұмысын тексереді. Бұған елдің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат себеп болған. Журналистер Telegram чаттарында оңтүстіккореялық әйелдердің жалған суреттері мен бейнелері жиі кездесетінін, тіпті ол жердегі әдепсіз контент көмегімен азаматтардың бопсаланып жатқанын хабарлаған. Бұл жағдайдан соң, ел президенті Юн Сук Ёл цифрлық жыныстық қылмыстарды мұқият тексеруді тапсырған.
«Мұндай контент иелері анонимділікті қорғауға бағытталған технологияны пайдаланады. Бұл анық қылмыстық құқық бұзушылық», – деп мәлімдеген президент Юн.
Ол нақты Telegram туралы айтпаған. Десе де бұл мәселені осы әлеуметтік желіге қатысты тараған ақпараттан кейін көтерген.
Президент тапсырмасынан кейін, мемлекеттік БАҚ-ты реттеуші орган байланыс стандарттары жөніндегі комиссияны...