Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов салық реформасы бюджет кірісіне оң әсер етпесе, Ұлттық қордан қосымша қаржы алынатынын айтты.
«Қор параметрлерінің болжамы осы және келесі жылдары қосымша трансферт тарту туралы шешімдерге негізделген. Осылайша, Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2025 жылы 57,8 млрд доллар деңгейінде бағаланады. Ал 2027 жылы 74 млрд долларға дейін өседі», – деді спикер.
Оның сөзінше, бұл сомаға облигациялық несилер мен «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның акцияларын сатып алу кіреді. 2025 жылға 5,4 трлн теңге көлемінде қаражат тарту жоспарлануда.
Ал кейінгі болжам жасалған жылдары трансферт көлемі тарихи деңгейден едәуір төмен болады. Атап айтқанда, 2026-2027 жылдары трансферт сомасы тек...