2020 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық міндеттемелерінің көлемі 17,2 трлн теңгеге жеткен. БҚДА мәліметінше, бұл елеулі қаржылық тәуекелдердің артуына себеп болады. Сол себепті агенттік Қазақстанда мемлекеттің экономикаға араласуын азайтуы қажет деп санайды.
Агенттік хабарлауынша, бүгінгі таңда тауарлар өндірісінде 46%, қызмет көрсету саласында 54%-ды құрайтын мемлекеттің қатысуы азайып келеді.
Бұл бәсекелестіктің және жеке сектордың серпінді дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Болашақта мемлекеттің экономикадағы үлесі едәуір төмен ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштерімен теңесуге мүмкіндік бермек. БҚДА мәліметінше, ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш орташа есеппен 13%-ды құрайды екен. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш едәуір жоғары. Атап айтқанда, елде мемлекет экономиканы...