Назарбаевтар әулетінің бір мүшесі Follow the Money тергеуінен төбе көрсетті. Журналистердің айтуынша, Нидерланд прокуратурасы түпті тереңдететін Van Oord компаниясынан күдіктеніп отыр. Аталған компания Каспийде сыбайлас жемқорлық схемасы арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік алған болуы ықтимал.
2024 жылдың 4 наурызында Швейцария соты Aks Group Holding шағымын қабылдаған жоқ. Компания Швейцария билігінің Нидерланд прокуратурасына көмектесуіне қарсы болды. Көмек беру туралы сұрау хат 2020 жылдың тамызында Нидерландтағы Van Oord компаниясына қатысты қылмыстық тергеу аясында жіберілді. Мұны Follow the Money-дің журналист-тергеушілері анықтады.
Журналистердің жазуынша, Нидерланд прокуратурасы Швейцария билігінен Akas Group Holding-тың банк операциялары туралы ақпарат беруді сұраған. Прокурорлар бұл компанияның шоттарында Van Oord-тың Қазақстандағы...