Қазақстан Батыс елдерінің Ресейге салған санкциялары отандық компанияларға әсер еткен жағдайда «оларды берік ұстанып отыра алмайды». Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Bloomberg басылымына берген сұхбатында айтты.
Басылымның ақпаратына сүйенсек, Қазақстан өзінің экономикалық мүдделерін бірінші орынға қоюға бейіл. Қазақстан үшін басты міндет көрші елген қарсы бағытталған шектеулерге ілікпей, бәсекелес аймақта басымдықты сақтап қалу. Басылым санкциялардың негізгі әсері Қазақстанның Қытайға одан әрі жақындата түсуі деп бағалап отыр.
Басылымның жазуынша, Ресей мен Иран рекордты санкцияларға тап болып отырған кезде Қазақстан шектеулі тауарларды жеткізе алатындықтан, Батыс мұқият бақылап отыр.
Жұманғариннің сөзінше, Қазақстан Әскери және азаматтық мақсатта қолданылатын шарикті мойынтіректерді (подшибниктерді) сатуға тыйым...