Заң тұрғысынан қарағанда, Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға мүмкіндігі бар. Бірақ ол үшін қылмысының ауыр, жеңілдігіне қарай, сотталған мерзімінің 1,5 немесе 2,3 бөлігін өтеуі керек. Бұл туралы заңгер Айман Омарова айтып берді.
«Сотталған баптарына қайшы келмесе, уақыты келген кезде, әрбір сотталған адам өз құқығын пайдаланып, шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға өтініш жаза алады. Өтінішті жазасын өтеп жатқан мекеме орналасқан жердің сотына береді. Мәселен, Абай облысында болса, Семей сотына, Шығыс Қазақстанда болса, Өскеменнің сотына жібереді», – дейді Айман Омарова.
Бірақ өтініш қаралған кезде, оның мінезі, қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты мекеме режимін...