«Спортшылардан Covid-19 анықталды» – Тоқаевтың Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі кейінге қалдырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Париж Олимпиадасының жүлдегерлерімен кездесуі кейінге шегерілді. Оған себеп – спортшылар мен олардың бапкерлерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Өздеріңізге белгілі, бүгін 15 тамызда президент Қасым-Жомарт Кемелұлы олимпиада жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған еді. Өкінішке қарай, спортшылар мен бапкерлердің жартысында Covid-19 диагнозы анықталды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді. Барлығының тезірек сауығып кетуін тілейміз.
Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайды. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр», – деді Берік Уәли
Естеріңізге сала кетейік, 14 тамызда Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен...