Qarmet компаниясы қосымша жобаларға 1,5 млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өндіріске сапары кезінде компания басшысы Андрей Лаврентьев пен кәсіпорынның бас директоры Вадим Басин айтты.
Ақорда ақпаратына сүйенсек, президент Қарағанды облысындағы жұмыс сапары барысында Теміртаудағы Qarmet металлургиялық комбинатын аралап, жылына 3,8 млн тонна шойын өндіретін №3 домна пешінің жұмысымен танысты.
Қазіргі уақытта өндіріс жұмысын жақсартуға 3,5 млрд доллар қарастырылған. Болашақта қосымша 1,5 млрд доллар инвестиция құю жоспарланған, оның 500 млн доллары Көмір департаментіндегі және 978 млн доллары Темір рудасы департаментіндегі жобаларға жұмсалады.
Кәсіпорын ғимараттар мен нысандарды жөндеп бастаған. 2024 жылы 100-ден астам нысан жаңғырып...