Ресейде импорт көлемі төмендеуде: жағдайға шетел банктерінің төлем қабылдауды тоқтатқаны себеп болды
Ресейдің Орталық банкі жаңартылған орта мерзімді болжамын жариялады. Онда елдің ЖІӨ-ге шаққандағы импорт көлемі 17% деңгейінде болжанған. Сарапшылар импорттың төмендеуіне шетелдік банктердің санкцияға байланысты Ресейден төлем қабылдауды тоқтатқаны себеп болғаны айтылады.
Орталық банктің жаңартылған орта мерзімді болжамында Ресейде импорт үлесі 1-3%-ға төмендейтіні айтылған. Есепте бұл қиындықтардың уақытша екені, 2025–2027 жылдарға қарай тауарлар мен қызметтер импортының біртіндеп кеңейе түсетіні жазылған.
Жалпы шетел банктерінің төлем қабылдауды тоқтатуы елдегі бизнес жағдайын нашарлатуы мүмкін әрі инвестиция салымдарына теріс әсер етеді. Десе де бұл Владимир Путиннің 2030 жылға қарай ЖІӨ-дегі импорт үлесін 17%-ға дейін төмендету мақсатына жақындатады.
Атап өтсек, соғысқа дейін...