Алматыда «Graff» тұрғын үй кешені сүріліп жатыр. Бұл жайлы Алматы қаласының сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев хабарлады.
Сот шешімімен бұзылып жатқан тұрғын үй кешені Ерменсай ш/а, 7, 7 / 71 учаскесінде орналасқан. Нысан үш жер телімінде тиісті рұқсат құжатынсыз салынған.
2023 жылдың 20-шы қаңтарында басқарма тапсырыс берушіге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылдаған. Ал кейін Бостандық аудандық сотына ғимаратты бұзу туралы арызбен жүгінген.
«Былтыр 24 шілдеде аудандық соттың шешімімен басқарманың заңсыз құрылысты бұзу туралы талап арызы қанағаттандырылды. 2023 жылдың 19 қазанында апелляциялық сот бірінші сатылы соттың шешімін...