Алматы облысында туған қызын жылдар бойы зорлаған әскери адам туралы үкім шықты. Адвокат Айман Омарова қылмыскер 20 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді.
Бұған дейін жәбірленуші ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен «СамұрықҚазынаТраст» қолдауымен жүзеге асырылатын «One-Stop-Service» («Бір Қадам») жобасына жүгінген.
«Жаңа ғана Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында (судья Королевская Т.) Б.Е.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу тағайындалды. Ол алты баланы...