Үкіметттің төтенше резервінен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелері мен ұйымдарын қалпына келтіруге 7,5 млрд теңге бөлінеді. Үкімет үйінің баспасөз қызметі тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектеновтің қол қойғанын хабарлады.
Бұл қаражатқа еліміздің үш өңіріндегі білім ошақтары қалпына келтірілмек. Яғни тасқын судан қатты залал келген Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал кейбір жерлерде қираған нысандардың орнына жаңа мектептер мен балабақшалар салынады.
«Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы – 7,5 млрд теңге. Бұл қаражат бүлінген нысандарды қалпына келтіруге, сондай-ақ қираған нысандардың орнына жаңа білім беру мекемелерін салуға жұмсалады», – делінген хабарламада.