Орталық Азия елдерінен үздік он стартап Alchemist Accelerator бағдарламасы бойынша іріктеліп алынды және Кремний алқабында бірегей оқу мүмкіндігіне ие болды. Цифрлық даму министрлігі АҚШ-та өтетін бұл курс биыл 12 тамызда басталып, қазан айының соңына дейін 10 аптаға созылатынын хабарлады.
AlchemistX – бұл корпоративтік инновациялар мен мемлекеттік қызметтерді қолдайтын Alchemist Accelerator бөлімшесі. Он жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлем бойынша табысты негізін қалаушылар мен кәсіпкерлерді қолдап келеді.
«Бағдарлама Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Моңғолия, Әзербайжан және Грузиядан келген B2B стартаптарына арналған. Қатысушы стартаптар Қазақстанда немесе МФЦА-да заңды түрде тіркелген болуы керек, клиенттік базаға ие болуы және ағылшын тілін еркін меңгеруі қажет», – деп анықтама берді ведомство.
Сонымен Alchemist Accelerator бағыты үшін он жоба таңдалды. Енді Silicon Valley Residency бағдарламасының қорытындылары әзірленуде.
Стартаптар тізімі:
cybernet.ai (Қазақстан) – Cybernet жасанды интеллект және LLM саласындағы ғылыми-зерттеу компаниясы, жасанды интеллект...