Киберқылмыскерлердің айласы күн өткен сайын күрделеніп келеді. Бұған дейінгі тәсілдері енді іске аспайтынын байқаса болды, дереу жаңа әдістер ойлап табады. Әсіресе, жасанды интеллектінің дамығанын өз пайдасына жаратқысы келетіндер көбейіп жатыр. Сонымен бірге кванттық шифр, спутниктерге шабуыл, фишиң технологияларды жаңаша пайдалану да биылғы трендтер қатарында тұр.
2023 жылдың қорытындысына қарасақ, шетелдік хакерлер былтыр 223 млн рет кибершабуыл жасауға тырысқан екен. Техникалық қызметтің мәліметі бойынша, кибершабуылдың дені Ресей, Қытай, Польша, Украина және АҚШ-тан жасалған. Хакерлер интернетке кіретін бірыңғай шлюздер қорғанысының әлсіз тұсын іздеген екен. Ол дегеніміз — интернетке кіретін кездегі телекоммуникациялық желілердің қорғанысын қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық комплекс. Сонымен бірге хакерлер жергілікті атқарушы...