Толассыз жауған жауын салдарынан Қырғызстанның Ош қаласы мен облысында сел жүріп өтіп, біраз елдімекенді су басқан. Салдарынан бір отбасының 4 адамы суға кеткен болатын. Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі анасы мен қыздарының денесі Өзбекстаннан табылғанын хабарлады.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 14 шілде күні 14.00 шамасында жауған жаңбырдың салдарынан Төлөйкөн ауылы мен Өзгүр ауылындағы «Бөрібай-Ата» мәдениет үйінің маңынан сел жүріп өткен.
Жауған жаңбырдың салдарынан Ақ-Бура өзені арнасынан асып, қала көшелерін, соның ішінде базарды да су басқан. Оқиға орнына құтқарушылар жеткізіліп, адамдарды қауіпсіз жерге көшірген.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі дүйсенбі, 15 шілде күні, таңертең Ош облысындағы селмен ағып...