Еуропа құрлығының үздігін анықтау үшін 24 құрама биыл Германия төрінде бір айға жуық футбол «тойында»өнер көрсетті. Бұл дода несімен есте қалды, назарларыңызға Еуро-2024-тің ерекше оқиғалармен бөлісеміз.
Еуро додасында ойнаған ең жас футболшы
Биылғы маусымның басты жаңалығы болған 16 жасар Ламин Ямаль Испания құрамасының көшбасшылардың біріне айналды. Футбол тарихында бірден бірнеше рекордты бұзды.
Айта кететін болсақ. Еуро додасында ойнаған ең жас футболшы, (16 жас 338 күн). Жай ойнап қана қоймай Франциямен жартылай финал ойнында Ямаль гол салған ең жас футболшы атанып, (16 жас 362 күн) бұл көрсеткіш бойынша дәл осы Еурода тағы бір гол салған Түркияның жас футболшысы Арда Гюлерд...